07-09-2021
27.3 C
Шымкент

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауарайналым 37%-ға өсті

Қазақстан мен Өзбекстан арасында іскери белсенділіктің артқаны байқалады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жұмыс сапары барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында екі ел арасындағы қол жеткізілген келісім мәселелері талқыланды деп хабарлайды Ақорда.
Елбасы осы кездесуден кейін екі ел арасында іскери белсенділіктің артқаны байқалады деп атап көрсетті. «Осы жылдың алғашқы тоқсанында экономиканың әр саласында іскери өзара қарым-қатынас деңгейінің артқаны байқалады. Атап айтар болсақ, көлік-логистика саласы, автоөнеркәсіп, сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық артқан. 2017 жылдың алғашқы үш айында тауар айналымы 37%-ға өсті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Шавкат Мирзиеев болса, екі жақты кездесудің қарқыны мемлекетаралық қарым-қатынастың тиімділігіне тікелей әсер ететінен айтты. «Менің наурыз айындағы сапарымнан кейін бірлескен жұмыстың барлық бағыты бойынша Жол картасын қабылдадық. Министрлердің, аймақ басшыларының кездесуі жиіледі», – деді өзбек көшбасшысы. Өзбекстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Ресей Федерациясынан мұнай тасымалдау мәселесін шешуге көмек жасағаны үшін алғысын білдірді. Екі мемлекет басшылары қазақ-өзбек ынтымақтастығынының келешекте де оң даму алатынына сенімдерін білдірді. «Caspian Food» ЖШС-ға барған сапарда Қазақстан және Өзбекстан президенттеріне кәсіпорынның жүзім шаруашылығы және шарап жасау саласындағы жұмыс туралы ақпар ұсынылды. Екі мемлекет басшылары жүзімдерді қабылдау, ферменттеу циклінің технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ дистилляция және өнімді құю цехының жұмысын көрді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевке жүзім, жаңғақ өсірілетін жер таныстырылды. Зауыт ақ және қызыл шарап өндіруге қажетті барлық қуатқа ие. Сонымен бірге шығарылған өнімнің сапасын бақылайтын зертханада бар. Кәсіпорындағы өндірістік цикл үздік еуропалық стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Аскар Чокин, Гүлназ Ермағанбетова

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР