test
10-07-2024
21.3 C
Шымкент

ОҚО-да су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жоспар бойынша жүруде.  Көктемгі тасқын судың алдын алу бойынша аудан, қала әкімдіктері мен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бірлесе Сарыағаш және Мақтарал аудандарында, Сырдария өзенінде қауіптің бар-жоқтығы туралы зерттеу жұмыстарын атқарып, Шардара ауданы Сүткент елді мекенінің 800 метр жеріне және өзен арнасына құммен қапталған 7000-ға жуық қап қойылып, оған 20 техника мен 210 адам жұмылдырылды.

Бүгінде жаға бекіту ісі Отырар, Сарыағаш, Шардара аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында да қарқын алған. Мәселен, аталған аудан, қалалардағы тиісті мекендерге құммен толтырылған 300 мың дана қапшық қойылып, 467 адам, 60 арнайы техника және 10 жүзу құралдары дайындыққа келтірілді. Бұл жергілікті атқарушы органдарымен Сырдария өзенінің арнасына Өзбекстан Республикасынан секундына жалпы көлемі 1500-ден 2000 м3/сек дейін су тасталғанда болуы мүмкін су тасқыны жағдайына есептелген. Осындай тасқын судың алдын алу бойынша атқарылып жатқан Отырар ауданындағы жұмыстармен БАҚ өкілдері арнайы барып танысып қайтты.

Айта кету керек, Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазгидромет» РМК орталығынан күнделікті мәліметтер алып, облыс аумағындағы көктемгі су тасқыны жағдайына мониторинг, болжау жұмыстарын тоқтаусыз атқаруда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР