test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Ауылшаруашылығын жаңғырту маңызды

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет» деп атап өткендігі белгілі. Сондай ақ,  «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс. Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз». Осыған байланысты ОҚО-дағы Арыс қаласы кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік мектебінің ғимаратында кооперативтерді құруды түсіндіру бойынша жиын өтті.
Аталған жиынға «Оңтүстік» АИО» ЖШС директорының орынбасары А.Сауранбаев, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің төрағалары, шаруақожалық иелері, ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің мамандары қатысты. Облыстық ауыл шарушылығы басқармасының бас маманы Т.Жақынбаев үстіміздегі жылғы бірінші қаңтардан заңды күшіне енген «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңның ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жиынға қатысушыларға заман талабынан туындап отырған аталмыш заң аясында бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға шақырды.
Жиынға қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға сала мамандары тұщымды жауаптар берді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР