18-09-2021
22.1 C
Шымкент

ЭКСПО-ға өңірлердің қосатын үлесі зор

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өз деңгейінде өтуіне Оңтүстік өңірі өз үлесін қосатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысында «ЗЕРДЕ-Керамика» отандық кәсіпорны екінші желіні іске қоспақ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан еліміздегі жалғыз керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт — «ЗЕРДЕ-Керамика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ұйымдастырылған пресс-тур кезінде айтылған. Өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында іске қосылатын екінші желі осы жылдың мамыр айында жұмысты бастайды деп көзделуде. Нақтырақ айтсақ, жаңа желі бойынша сандық машинаның көмегімен кең ауқымды, түрлі-түсті жылтырлатылған керамограниттер шығарылмақ. Бастапқыда «MK-Ceramics» сауда маркасымен өнімдерін шығарып, еліміздің ішкі сұранысын толық қамтыған өндіріс орны өнімінің 20 пайызын Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан мемлекеттеріне экспорттайды. Жылдық қуаттылығы 2 млн. шаршы метрлі, көлемі 300х300 мм, 400х400 мм, 600х600 мм. және 600х300 мм. болатын керамогранит тақтайшасын шығаратын зауыт қазіргі таңда толық өндірістік қуатында жұмыс істеп, 175 адамды жұмыспен қамтып отыр. де аталған «ЗЕРДЕ-Керамика» зауытының өнімдері «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрылыс жұмыстарына да жіберіліп жатыр. Ал республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Өскемен, Қостанай, Семей, Қызылорда, Орал және Атырау сынды ірі қалаларда 40-тан астам дилерлері бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР