15-04-2024
15.3 C
Шымкент

Береке мен бірліктің мерекесі

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Шардара қаласында өз дәрежесінде аталып өтті. «Алты алаш» алаңында ұйымдастырылған мерекеде аудан әкімі Болатбек Қыстауов, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Шомпиев ең алдымен Қазақстанды мекендеген әр халықтың ұлттық киімі мен дастарханын жайған мектептердің көрмесін аралады. Сонымен бірге, қаладағы мектеп ұжымдары салтанатты шарада ел бірлігі мен «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне арналған көрмелерін қойды.Мұнан соң 1 мамыр мерекесіне арналған шеру болды. Аудандағы мекемелер мен дербес бөлімдер, қала әкімінің аппараты лек-легімен жалаулар мен ұран жазылған көрнекіліктер көтеріп, «Алты алаш» алаңында сап түзеп өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Болатбек Қыстауов құттықтау сөз сөйледі.-Біз мемлекеттің тәуелсіздігі және оның алғашқы жетістіктері этникааралық келісім саясатының, табанды да мақсатты жүргізілген жұмыстың нәтижесі деп нық сеніммен айта аламыз. Біздің ауданда 22 ұлттың өкілдері тұрады. Олар негізінен Қызылқұм өңірін игеруге бұрынғы Кеңестер Одағының түкпір-түкпірінен келіп, бүгінгі күні Шардараның байырғы тұрғынына айналып отыр. Оларды ұлтына, дініне қарап бөлуге ешқашан жол берілген емес, сондықтан да бізде ұлтаралық келіспеушілік орын алмаған және алдағы уақытта алмайды деп сенемін, — деді Болатбек Дүйсенбекұлы.«Алты алаш» алаңындағы кеме үлгісімен салынған сахна төрніде «Ақ әжелер» ансамблі, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі Азамат Қалбай, аудандық «Абай» Мәдениет сарайының әншілері әсем әннен шашу шашты. Қаладағы мектеп оқушылары түрлі ұлттың билерін нәшіне келтіре орындап, көрермендерге қуаныш сыйлады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР