18-04-2024
17.3 C
Шымкент

Ұлтаралық келісім- татулық кепілі

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданында «1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі аталып өтілді. Бүгін «Жеңіс саябағында» татулық пен келісімнің нұрына малынған 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аталып өтілді. Іс-шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев елімізде бір үйдің баласындай, бір тонның жағасындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлысты, барша аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, Сарыағаш ауданындағы 6 этно-мәдени орталықтардың (өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, иран-әзірбайжан неміс) төрағаларын алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы мемлекетімізде өзара түсіністік пен ұстамдылықты, әр түрлі ұлт өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарауды, барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып­тас­тырудың арқасында елімізде бейбітшілік орнап, үлкен жетістіктерге жетуімізде Президент Н.Ә.Назарбаевқа ерекше алғысын білдірді.І с-шара соңы түрлі ұлт өкілдерінің көтеріңкі ән мен биіне, бұқаралық спорт түрлері бойынша жарыстарға ұласты. Негізінде Сарыағаш көпұлтты аудан.  Ұлтаралық келісімді басты ұстын санайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР