19-04-2024
21.3 C
Шымкент

Ырыс алды — ынтымақ

Еліміз татулық пен ынтымақтың мерекесі – 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлауда. Елімізде 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Сондықтан бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға сүйіспеншілік сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі болып табылады. 
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында бірлік мерекесі кең көлемде тойланды. Отырарлықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған шара Қазақстанды мекен еткен халықтардың «Достық» биімен басталды. Мерекеде аудан әкімі Ерлан Айтаханов отырарлықтарды және құрметті қонақтарды бейбітшілік мейрамымен құттықтады.  Құттықтау сөзінде: «Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.  Аудан басшысы аудан тұрғындарының Елбасымыздың сарабдал саясатын іске асырудағы және көне Отырарды көркейтудегі еңбектеріне толағай табыс тіледіШара барысында ауданымыздағы мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйым қызметкерлерінің шеруі өтіп, мерекенің мазмұнын аша түсті.Мерекелік шара соңы арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР