15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Кооперация — агроөнеркәсіп дамуының негізі

ОҚО  әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес  Ордабасы ауданында мамандандырылған көшпелі семинар өтті. Семинар қонақтары алдымен «Бөрте Милка» сүт тауарлық фермасының жұмысымен танысты. Кәсіпорын Швецияныӊ «DeLaval» компаниясыныӊ озық технологиясын пайдалана отырып салынған. Сүт фермасыныӊ әзірге Оңтүстік өӊірінде баламасы жоқ және Республика бойынша еӊ заманауи сүт-тауарлық фермаларыныӊ алғашқы үштігіне кіреді. Бұл жобаның инвестициялық құны 2,4 млрд. теӊгені құрайды. Кешен 400 сауын ірі қараға лайықталған. Тәуліктік орташа өнімділігі бір басқа шаққанда 30-32 литрді құрайды. Сүт-тауарлық фермасында 4 робот-сауыншы, автоматтандырылған көӊ алғыш құрал-жабдық (оныӊ ішінде заманауи көӊ сепараторы), жемдеу үстелінде сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциялы желдеткіш жүйесі, сиырлардыӊ күйлілігін анықтау камералары, сүт сауу аппараттары бар сүт құбыры, бұзауларға арналған құрал-жабдық бар. Жиынды ашқан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков семинардың мақсатына тоқталды. Бүгінде өзекті тақырыпқа айналған кооперация мәселесін кеңінен баяндады. Ал қаржы ұйымдарының өкілдері ауыл шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіріп, субсидия мен несие алудың тәртібімен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР