24-04-2024
27.3 C
Шымкент

Түркістанда «Жібек жолы» атты әлеуметтік сауда қатары ашылды

ОҚО-дағы Түркістан қаласында «Жібек жолы» атты әлеуметтік сауда қатарлары өз жұмысын бастады. «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына сәйкес және мемлекеттің алдында тұрған әлеуметтік шиеліністерді болдырмау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыруды көздеген қала басшылығы осындай сауда қатарын ашуға қол жеткізіп отыр. Мұнда жергілікті жерде өндірілетін азық-түлік өнімдерін делдалсыз тауар өндірушілердің өздері сататын болады.
Игілікті қадамның басы-қасында болған қала әкімі Ә.Өсербаев өз сөзінде «Біздің мақсатымыз бұл жерге келіп, лента қиып кету емес. Қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау. Осындай ниетпен жергілікті атқарушы орган тарапынан бастама көтеріп, бағаны тұрақтандыру мақсатында бұл сауда орталығындағы орындарды өнім өндірушілердің өздеріне беруге жағдай жасап отырмыз. Нәтижесінде «Жібек жолы» әлеуметтік сауда қатарында жергілікті жерде өндірілетін азық-түлік бағасы басқа сауда орындарына қарағанда 15-20 пайызға төмен бағада сатылады. Сонымен бірге, осында сауда жасаушылар 3 айға дейін жалға алған орындарының ақысынан босатылады» — деп жеке кәсіпкердің есебінен ашылып отырған сауда қатарының ерекшеліктерін атап өтті. Орталықтың әлеуметтік дамуға қосып отырған үлесі қомақты.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР