03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Түркістандықтар Бірлік күнін қуанышпен атап өтті

ОҚО Түркістандықтар 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы атаулы мерекені түркістандықтар үлкен қуанышпен атап өтті. Өңірдің ынтымағы мен бірлігін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған мерекелік шеруге жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен бастап, қаладағы оқу орындары, мемлекеттік мекеме ұжымдары, құрылыс мекемелері секілді түрлі салалар қатыстырылып, орталық Есім хан алаңы ынтымақ пен бірлікті ту еткен халықтың достығын паш еткен алаңына айналды. Осылайша бастау алған мерекелік шараның ресми бөлігінде қала әкімі Ә.Өсербаев көпшілікке құттықтауын жеткізді. «Осы бір ауыз сөз айтарға жеңіл болғанымен, ел бірлігі, ынтымағы деген ойдың астарында үлкен мән бар. Сонымен бірге, «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол — бірлік». Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет» — деген қала әкімі Ә.Өсербаев қасиетті қала тарихындағы басты оқиғаларға тоқталып өтті. Өңірдегі бірлік туын желбіреткен мерекелік шара концерттік бағдарламамен ұласып, тұрғындарға үлкен қуаныш сыйлады.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР