07-09-2021
36.3 C
Шымкент

Кооператив құру – заман талабы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет» деп атап өткендігі белгілі. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс аудандық  кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлік мектебінің ғимаратында кооперативтерді құруды түсіндіру бойынша жиын өтті.Аталған жиынға «Оңтүстік» АИО» ЖШС директорының орынбасары А.Сауранбаев, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің төрағалары, шаруақожалық иелері, ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің мамандары қатысты.Облыстық ауыл шарушылығы басқармасының бас маманы Т.Жақынбаев үстіміздегі жылғы бірінші қаңтардан заңды күшіне енген «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңның ерекшеліктеріне тоқтала отырып, жиынға қатысушыларға заман талабынан туындап отырған аталмыш заң аясында бірігіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға шақырды. Жиынға қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға сала мамандары тұщымды жауаптар берді. Шаруалар кооперативтерге біріксе табыс молайып обысэкономикасына қосар үлесі қомақтыланбақ.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР