20-04-2024
13.3 C
Шымкент

ОҚО-ға келген инвесторлар мал бордақылау кешенінде болды

Ираннан келген инвесторлар ОҚО-дағы Қазығұрт ауданындағы «Қайып ата» мал бордақылау кешенінде болды.  Облыс әкімі Ж.Түймебаев инвесторларға «Қайып ата» мал бордақылау кешенінің жұмыстарын таныстырды. Иран Ислам мемлекеті жылына 2 млн. 400 тонна ет тұтынады. Осы қажеттіліктің бір бөлігін қамту мақсатында, екі тарап күніне 3000 бас ұсақ мал еті мен 100 бас ірі қара етін алу үшін келісім шарт жасасқан-ды. Ирандықтар қазақстандық экологиялық таза өнімге қызыққандықтан, шаруашылықтардың жұмысын өз көзімен көрді.

Қазір облысымызда соңғы екі жылда ірі қара мал саны 35 мыңға артып, 865 мың басты, қой-ешкі 155 мыңға артып, 3 млн. 893 мыңға, жылқы 16 мыңға артып, 230 мыңға, түйе 1,7 мың артып, 23 мыңға жетті.

«Елімізде ауыл шаруашылығымен, оның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау жоғары денгейде. Осы орайда ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру, несиелеу және субсидиялау мәселелерін халыққа түсіндіріп, шаруаларды ата кәсіпке баулу қажет. Экологиялық тұрғыдан таза өнім саналатын біздің өнімдерімізге өзге елдердің сұранысы өте жоғары. Осыны тиімді пайдалануымыз керек» , – деді облыс басшысы Ж.Түймебаев.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР