18-04-2024
20.3 C
Шымкент

Ет өнімін экспортқа шығарады

ОҚО дағы Қазығұрт ауданындағы серіктестік  «ҚазагроФинанс» қаржылай қолдау қорынан 186 миллион теңге несие алып,100 бас мал бордақылау алаңын ашқан. Ауданның таулы аумағынан 607 га жайылым жер алды.
Шаруашылық жұмысы оңға басып, мал бордақылау алаңын кеңейту мақсатында «ҚазАгроФинанс» қаржылай қолдау қорынан «RBK» банкке өтіп, 463 млн. теңге несие алып, мал басын 800 басқа жеткізіпті.
Серіктестік Елбасы айтқан ет экспорттау жөніндегі тапсырмасына үлес қосуды мақсат етеді. «Мал бордақылау» кешенін салып, ет өнімін экспортқа шығаруы – үлкен жетістік. Шарбұлақ ауыл округіне қарасты Ақбастау елдімекенінде 2013-2014 жылдары ірі қара мал фермасы орнынан кешенді мал бордақылау базасын іске қосу жұмысының 470 млн. теңгесі несие, 51 млн. теңгесі өз қаржысы есебінен жүргізілді. Қазір мұнда ауылдың 36 тұрғыны жұмыспен қамтылып (оның 25-сі тұрақты), орташа айлық жалақысы 60 мың теңгені құрайды. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында 10 адам жұмысқа тартылған. Өндірілген өнімге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқанын ескерсек, әр келісіне 170 теңгеден, жалпы, 130 млн. теңге субсидия төленген. Сырым Ертаев әр бордақыланған ірі қараға 20 мың теңге субсидия берілетінін де тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР