16-04-2024
13.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017»-ні насихаттау үшін

Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқысы бола білді. «EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, «EXPO-2017» сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс қаласының тұрғындарын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтетіндігін хабардар етіп, насихаттау мақсатында көліктерге «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің логотипі жабыстырылды. Бүгінде қала орталығында логогти жапсырылған көліктер жүйіткіп жүр. Бұл да болса арыстықтардың еліміздің абыройын асырар халықаралық маңызы бар шараны қолдауға деген тамшыдай болса үлесі болмақ. Алдағы уақытта арыстықтар бұдан да басқа маңызды шараларды қолға алмақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР