01-09-2021
31.3 C
Шымкент

Әлеуметтік даму көрсеткіші жоғары

ОҚО Бәйдібек ауданындағы әлеуметтік салада даму көрсеткіші жоғары. Тұрғындар сапалы ауыз сумен табиғи газбен қамтылған. 52 елді мекеннің 31-не орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген.  Шалдар елді мекеніндегі ауыз су құбырына күрделі жөндеуді жүргізу үшін тиісті 95 840,0 мың теңге қаржысы бөлініп, жөндеуден өткізілді. Өткен жылдың ең басты жаңалығы ауданға газдың жеткізілуі. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Бес айда №18 Шаян автоматты газ тарату станциясы салынса, үш айда Шаян ауылына газ жеткізіледі. Өтпелі болып саналатын Шаян елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы ағымдағы жылы толық аяқталып, әрбір шаңыраққа табиғи газ жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ауданды газдандыру схемасы жасалынып, оны іске асыру іс-шарасы түзілген. Сол жоспар бойынша табиғи газ аудан тұрғындарына екі бағытта жеткізілетін болады. Жыланды, Түйетас, Амансай, Талап, Сарыбұлақ, Жиенқұм, Ынтымақ, Жүзімдік, Мыңбұлақ, Мәдениет, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Бестоғай, Ақбұлақ елді мекендеріндегі тұрғылықты халықты табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, елді мекендерге жеткізуші және ішкі газ жүйелерін жүргізу жұмыс жобаларына сәулет жоспарлау тапсырмалары (АПЗ) әзірленіп, облыстық салалық басқармаға 2017 жылға ЖСҚ-сын әзірлеуге қажетті қаржысына бюджеттік өтінімдері ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР