02-09-2021
23.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017»–ге тарту

«ЭКСПО-2017»–ге ақ алтынды аймақтан тарту». 19 жылдан бері Мақтарал ауданының айбынын асқақтатқан «Аққу» халықтық ән-би ансамблі шығармашылық кешін осы тақырыпта өткізді. Әр ұлттың биін нақышына келтіре орындаған бишілер ынтымағы ұйыған елдің көрінісін бейнеледі. Мақталы аймақта 1998 жылы құрылған «Аққу» халықтық ән-би ансамблінің бүгінге дейін жеткен жетістіктері аз емес. Облыстық, республикалық байқауларда шығармашылық топтың шоқтығы биік көрініп жүр. Бишілерге рухани қолдау көрсетіп жүрген ұлағатты ұстаз, Елбасымыздың сыныптасы Роза Төлемісова мәдениет майталмандарымен мақтанады.

-Би – ырғақ ырқына ғана көнетін өнер. Әр халықтың тұрмысын, салт-дәстүрі  мен  мінез-құлқын әсем қимылмен де  көрерменге ұғындыруға болады. «Аққу» бишілері патриоттық тақырыптарға қойылған хореографиялық композициялары мен түрлі ұлт өкілдерінің би өнерін дамытуда аянбай еңбек етіп келеді, — дейді ұлағатты ұстаз.

Ақ алтынды аймақтың «ЭКСПО-2017»-ге тартуы» атты  өнер кешіне аудандағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ұжымдары да атсалысты.  Өнерін ортаға салып, көрерменнің көңілін жадыратты.

К. Дүйсенбі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР