15-09-2021
14.3 C
Шымкент

Оңтүстік Қазақстан облысында 30 жоба жүзеге асырылмақ

Бұл жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы іске асырылатын болады. Бүгінге дейін оның 6-ауы бойынша әріптестер анықталса, қалған 24 жоба аясында тиісті құжаттар әзірленуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Жобалардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Мәселен, 17 жобаның 11 -балабақша, 2 — сауықтыру лагері, 1- мектеп, 1- мектеп-интернат, 1- туристер стансасы болса, тағы 1-і өнер мектебі. Ал медицина саласында 5 емхана мен 7 спорт кешенін салу, сондай-ақ «Шымкент қаласындағы жедел жәрдем стансасын жаңғырту» жобалары бар. Балабақшалардың басым бөлігі, яғни 4 мектепке дейінгі мекеме Сайрам ауданында бой көтерсе, Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалалары мен Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар, Түлкібас аудандарында да бүлдіршіндерге арналған 75, 100, 240, 280, 320 орындық балабақшалар салынатыны күтілуде. Спорт нысандары Төлеби (2), Шымкент (2), Бәйдібек (2) және Түлкібас (1) аудандарында пайдалануға берілетіні жоспарлануда. Ал емханалар құрылысы Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Кентау және Шымкент шаһарында жүргізілмек.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР