03-09-2021
18.3 C
Шымкент

Сарбаздарды мерекемен құттықтады

Жыл сайынғы дәстүр бойынша ОҚО -дағы  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдері мен шығармашылық ұжымдары 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесіне орай 27943 әскери бөлімінің ұжымы мен сарбаздарын мерекемен құттықтап тамаша көңіл күй сыйлады.
Мерекелік шара барысында Отан қорғаушыларға арналып патриоттық әндер мен қоса лирикалық әндер де шырқалды. Сонымен қатар жиында сөз алған ҚХА мүшесі Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Л. Б. Шик сардарлар мен сарбаздарды алдағы мерекелерімен құттықтап, елімізде әрқашан береке-бірлік, тыныштық пен бейбітшілік болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

Айта кетейік, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С.Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР