15-04-2024
14.3 C
Шымкент

ОҚО-да шарап өндіру технологиясы дамыған

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында бүгінде 2000 гектарға жуық жүзім алқабы бар. Оның өнім беретін 1648 гектарынан шаруалар былтыр 13184 тонна өнім алған. Яғни, өткен жылғы орташа өнімділік гектарына 80 центнерді құрады. Жиналған жүзімнің 4 313 тоннасы асханалық болса, 8871 тоннасы техникалық сорттар. Былтыр жылдағыдан мол өнім алған диқандар жиналған 8871 тонна техникалық жүзім көп мқлшерін «Caspian Food» ЖШС-не өткізген. Себебі бұл шарап зауыты заман талаптарына сай жабдықталған. Онда жүзім қабылдау және оны ферментациялау сатысының технологиялық желісі, сондай-ақ өнім тазартылып, құтыларға құйылатын цехтар бар.

Жуырда бұл зауытқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев барған болатын. Мемлекеттер басшыларына «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін аралау барысында кәсіпорынның жүзім өсіру, шарап жасау ісін дамыту саласындағы жұмысы жөнінде мәлімет берілген еді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёевке жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақтарын аралаған болатын. Айта кету керек, кәсіпорындағы өндірістік кезең еуропалық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР