19-04-2024
24.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға 262 тонна өнім жөнелтілді

Оңтүстік Қазақстан облысынан ЭКСПО көрмесіне ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен жолға шықты. Керуенде жалпы құны 135 миллион теңгеден асатын 262 тонна азық-түлік өнімдері бар.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін аймақтың 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары дайындаған. Ауыр жүк көліктеріне тиелген тауарлар 13-ші және 14-ші мамыр аралығында халықаралық көрме аясында өтетін жәрмеңкеде елорда тұрғындарына ұсынылады. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Серік Тұрбековтың айтуынша, өнімдердің бағалары да төмен болады. Себебі, барлығы да жергілікті шаруалардың өнімдері. «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағалары Астана қаласы әкімдігімен келісілген. Ол жердегі жалпы нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатамыз деп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, біздің шаруаларға Астанаға өнім жеткізу өте пайдалы. Елордадад баға бізбен салыстырғанда жоғарылау болғандықтан өнімнің сапалысын жеткіземіз», — дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы көрме аясында 6 жәрмеңке өткізеді деген жоспар бар. Онда 12 мың тоннадан астам ет, жұмыртқа, балық, сүт, қымыран және көкөніс секілді өнімнің 28 түрін саудалау жоспарланған. Бұл өнімдерді арнайы тоңазытқыштармен жабдықталған 25 жүк көлігі жеткізетін болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР