04-09-2021
20.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға қатысатын еріктілер іріктелінді

ОҚО Жастар орталығы басқармасы және Мақтарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік орталығы» ғимаратының мәжіліс залында «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келушілерге қызмет көрсетуге ниет білдерген Еріктілермен кездесу өткізілді. Кездесуде еріктілермен әңгімелесу кезінде, шет тілінде сөйлеу мәдениеті мен көрсетілетін қызметтер бойынша іріктеуден өткізілді. Мақтарал ауданынан қазіргі таңға 13 азамат еріктілер қатарына қосылуға өтініш білдірген. ОҚО жастар орталығының қорытынды нәтижелеріне сәйкес, нақты қатысушылардың тізімі анықталатын болады.

Айта кетейік, Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР