16-04-2024
13.3 C
Шымкент

Меморандумға қол қойды

Ташкент хокимияты мен Шымкент әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат Өзбекстан делегациясының Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары аясында рәсімделді, деп хабарлайды podrobno.uz. Құжатта Ташкент қаласының Шымкентте сауда үйін ашуы, сондай-ақ Ташкент пен Шымкент қалалары арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынасты дамытуы қарастырылған. Сапардың мәдени бағдарламасы аясында ташкенттік әртістердің концерттері болып өтті. Сондай-ақ, Ташкенттің үздік аспаздары Шымкент пен Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрғындарына өзбек асханасының ұлттық тағамдарын ұсынған өзбек асханасының фестивалі өткізілді. Ташкент хокимияты алдағы уақытта осындай іс-шараларды Алматы (Қазақстан), Ош (Қырғызстан) және Ашғабад (Түрікменстан) қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР