20-04-2024
19.3 C
Шымкент

Заманауи техникалар шаруаларға қызмет көрсетуге дайын

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ауыл шаруашылығы өніміне жаһандық сұраныс ұдайы өсіп отырған жағдайда еліміздің ауыл шаруашылығы саласын да ауқымды жаңғырту қажет» деп атап өткен болатын. Осыған байланысты ОҚО Отырар ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласында тың жобалар қолға алынып келеді. Соның айқын айғағы ауданымызда құрылған «Synergy agro trade» ауыл шаруашылығы кооперативі. Аталған кооператив МТС құрып, жүгері дақылдарын егуге пайдаланатын төрт бірдей заманауи үлгідегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Бүгін осы техникаларды таныстыру үшін келелі жиын өтіп, жиында аудан әкімі Ерлан Айтаханов құттықтау сөз сөйледі. Аудан басшысы өз сөзінде:  — Аудан шаруалары негізінен жүгері дақылын егуге, оны күтіп баптауға машықтанған. Сондықтан ауданның даму жоспарына сай 2020 жылғы дейін жүгері алқабын 20 мың гектарға жеткізіп, жүгері кластерін дамыту көзделіп отыр. Оған біздің мүмкіндігіміз толықтай жетеді. Ол үшін ұсақ шаруашылықтар бірігіп, кооперативтер құрудың маңызы зор. Сонымен қатар, шаруаларға қолдау көрсету мақсатында жүгері сақтау және кептіру кешеніне өткізген өніміне қарап мемлекет тарапынан субсидия берілетінін де ерекше атап өткім келеді-деді.Жиын барысында «Synergy agro trade» ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы Нұрлан Кабиштаев алдағы уақытта жүгері өнімін жинайтын комбайндар алып, аудан шаруаларына тиімді техникалық қызметтер көрсетуді жоспарлап отырғандығын айтты.Кооператив төрағасының сөзін құптаған аудан басшысы шаруаларды кооперативтерге бірігу арқылы үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР