17-04-2022
24.3 C
Шымкент

Бүгінгі жас – ертеңгі сарбаз

Ел мен жердің, мемлекеттің қауіпсіздігі мен мызғымас тыныштығын күзету бүгінгі жас ұрпақтың басты борышы. Мұндай азаматтық әрі патриоттық тәрбие мектеп қабырғасында жүрген әрбір жастың санасына сіңірілуі тиіс. Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы бойынша əскери оқу дала жиынының ашылу салтанаты өтті. Көксарай ауыл округіне қарасты Шеңгелді елдімекенінде өткен жиынның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов қатысып, болашақ сарбаздарға сәттілік тіледі. Биылғы əскери оқу дала жиынына ауданымыздағы 23 мектептен 288 оқушы қатысуда. Елінің ертеңі болар болашақ сарбаздарға әскери қимыл жаттығулар мен түрлі ойындар, сайыстар өткізіліп, дала жиынының маңыздылығы түсіндіріледі. Осылайша сарбаздар ел қорғаудың оңай жолмен келмейтінін ұғынып, тиісті тапсырмаларды өз деңгейінде орындауға талпынады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары осы кезге дейін алған білімдерін іс жүзінде шыңдап, 5 күн әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысады. Әскери дайындық пәнінен үйренгендерін практикада жүзеге асырып, психологиялық және физикалық сынақтардан өтетін болады. Шара барысында жастарға жігер беретін патриоттық әндер шырқалды. Қаз-қатар тізілген оқушы сарбаздар сап құрап, жаттығу алаңына аттанды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР