17-04-2024
16.3 C
Шымкент

ОҚО ауылшаруашылығын өндіруде алда келеді

Әлемді дағдарыс қысқан тұста  еліміздің де даму қарқыны бәсңдей түсті. Алайда, кейбір дамыған елдер секілді артқа кеткен жоқ. Осының арқасында Қазақстан жаһандағы ауқаты елдердің отыздығына таяп келеді. Еліміздің бұлай әлеуметтік, экономикалық тұрғыда қанат жаюына Оңтүстіктің де қосар үлесі мол. Мселен, өткен жылдың қорытындысымен Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталғаны байқалады. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,1% артып, 2 ттриллион 808,4 млиллиард теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы  бірқатар салаларда көшбасшылық орындарда келеді.  нақтырақ айтар болсақ, соңғы жылдары өңірімізде өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі өсіп, біршама елдерге экспортталып жатыр. Нақтырақ айтқанда Республикада облыстың ауыл шаруашылығының өнім көлемінің үлесі 12,3%-ды құрады.

Жекелей тоқталар болсақ:

— Жылыжайлар — 1123 га, республикадағы  үлесі  — 80%;

— Мақта — 286,7 мың тонна, үлесі — 100%;

— Бақша – 1 млн 264,5 мың тонна, үлесі — 61,1%;

— Жүзім — 51,4 мың тонна, үлесі — 68,5%;

— Жеміс — 90,7 мың тонна, үлесі — 37,8%;

— Көкөніс — 944,2 мың тонна, үлесі — 25%.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР