16-04-2024
17.3 C
Шымкент

Индустриялық аймақ құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданының Шарапхана ауыл округіне қарасты Майлыошақ елдімекенінен 40 гектар жер телімінде Индустриалдық аймақ құрылған. Аймақтың инфрақұрылымы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп, бүгінгі таңда қажетті инфрақұрылым жасалған, электр желісі, табиғи газ, асфальт жол, су, телефон байланысымен толық қамтамасыз етілген. Индустриалдық аймақта 7 жоба орналасып, оның 1 жобасы «Lotus Food Company L.L.C.» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі жұмыс жасауда, ал қалған жобалардың құрылыс жұмыстарын үстіміздегі жылы аяқтау жоспарланған. Қазығұрт ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлік иелері қарқынды жұмыс жасап, облыс қазына қомақты үлес қосып отыр. Аталған аймақта бос жер телімдері бар, сондықтан жобаны жүзеге асыруға ниет білдіруші азаматтар мен тұлғалар жер телімімен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады. Осыған байланысты, Индустриалдық аймаққа өндірістік жобаларыңызды (Құрылыс материалдарын өндіру, полиэтилен құбырларын шығару, металлопластиктен есік-терезелер жасау, темір-бетон бұйымдары, іргетас блоктары, жол жиегі тақталарын өндіру, ағаштан түрлі бұйымдар жасау, ет және сүт өнімдерін өңдеу және жеміс-жидек, көкөніс өңдеу т.б. жобаларды) ұсынуға болатынын жалпы жұртшылықтың назарына ұсынамыз. Ол үшін кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмесі мен жобаның бизнес жоспарын әзірлеп, аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп Кәсіпкерлікті қолдау орталығының ғимаратында кеңес алуға болады.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР