02-09-2021
29.3 C
Шымкент

Әскери өмірмен танысты

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы білім ошақтары дала оқу жаттығуына кірісті. Аудандағы 56 мектептің 10-сынып оқушылары алғаш рет қатысып отыр. 800-ге жуық жас осылайша, әскери қызметтің әліппесімен танысты. Мектеп қабырғасында оқушылар екі жыл бойы оқыған алғашқы әскери дайындық теориясын тәжірибеде сынайды. Әскери өмірдің әліппесін үйрететін бұл пәнге деген жастардың қызығушылығы жоғары. Суық қаруды қалай қолдануды үйреніп, автоматты шашып, қайта жинауда бір бірінен озып тұр. Мұндай шараны жылда өткізетін ұйымдастырушылардың айтуынша, әскери-далалық жиын барысында оқушылардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстаған. Сондай-ақ, жасөспірімдердің тактикалық саптық дайындық бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға барынша көңіл бөлінеді. Қазығұрт аудандық білім бөлімінің басшысы Мұса Тасқұлов: «Болашақ ед қорғаны, бүгінгі жастардың мұндай дала жиынына деген қызығушылығын арттырып, үйренсем деген ниеттерін қолдап отырамыз. Жиынға Ауған соғысының ардагерлері қатыстырып, жастарға ақ жол тіледі. Олар оқушы сарбаздардың әскери дайындығымен танысты. Өз өмірлерінен мысалдар келтіріп, кеңестерімен бөлісті» дейді. Ауған соғысының ардагері  Әбдіжаппар Жақыпбеков «Қазығұрттық оқушылардың оқу-дала жаттығуы жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Барлық баланың жиынға құлшынысы мен патриоттық сезімі жоғары. Осындай жалынды жастарға қарап, ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтамыз», — дейді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР