23-04-2024
24.3 C
Шымкент

Қазығұртта жаңа балабақшалар саны артқан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде ОҚО Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараевтың Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өтті.

Білім– ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы екенін айтқан аудан әкімі Президентіміз өз Жолдауында білім беру саласына айрықша тоқталып, адами капитал сапасын жақсарту қажеттігін айтты деді. «Осы ретте, аудандағы апатты және апат алдындағы мектептерді жою, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылуда. Апатты және апат алдындағы 26 мектептен 2015-2017 жылдары  17 мектеп , 2018-2020 жылдары 9 мектептің  құрылысын салу жоспарлануда. Осылайша, 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі»,-деді әкім.  Оның айтуынша, ауданда ұлттық қор есебінен 300 орындық 5 мектеп, ал жергілікті бюджеттен 100 орындық 3 мектеп салынып жатыр. Сонымен қатар, 2017 жылдың маусым айына дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 жаңа балабақша ашылып, осының нәтижесінде 1455 бала балабақшамен қамтылмақ. Сонымен қатар, ол биылғы жылы 11 сыныпты бітіруші 1640 оқушыдан 1156 оқушы (70%)ҰБТ-ке қатысуға өтініш бергенін айтты.  Ал балаларды жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту мақсатында 4 демалыс лагерінде  3656 оқушы демалады.

Сондай-ақ, аудан басшысы осы жылы Қақпақ ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 300 орындық  заманауи лагерь құрылысы жеке кәсіпкер арқылы жүзеге асырылатынын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР