15-04-2024
14.3 C
Шымкент

Солтүстікке еңбек етуге шақырды

ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған Буыржан Үсенов сөз сөйлеп, өсіп-өркендеймін деген азаматтарға ол жақта мол мүмкіндік жасалғанын айтты.
— Мен өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудардым.
Бізге мемлекеттік мекемелермен облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков ағамыз лайықты демеу көрсетті.
Оңтүстіктен жиналған 25 отбасы бірлесе көшіп, Шоқан Уәлиханов ауданының Қондыбай ауылына жайғастық. Үкімет тарапынан белгіленген жәрдемақыға қол жеткіздік. Ең бастысы, барлығымыз баспанамен қамтылдық.
Бұл үшін бізге лайықты қолдау жасаған Мемлекет басшысына айтар алғысымыз шексіз!
Бүгінде еңбекке қабілетті азаматтардың барлығы жұмыспен қамтылды.
Ұл-қыздарымызды балабақша мен мектепке орналастырдық. Шүкір, бір Алланың сосын өзіміздің бәсекеге қабілеттілігіміздің арқасында барған жерімізге сіңісіп кеттік.
Барлығымыз бір серіктестікке бірігіп, 7 мың гектар жерді игерудеміз.
Былтыр барған шымкенттіктер 2 наубайхана мен тойхана, дүкен аштық, мал бордақылауды қолға алдық.
Біз не үшін солтүстікке қоныс аудардық?
Біріншіден, солтүстікте қолында дипломы бар кез келген маманға жұмысқа орналасуға мүмкіндік жеткілікті. Осыған ерекше мән бердік.
Екіншіден, оңтүстікте аграрлық мақсатта қолданылатын жер іздеп табу қиын. Ал, солтүстікте жермен айналысуға ынталы азаматтарға құнарлы жер арзан бағада ұзақ мерзімге беріледі.
Үшіншіден, солтүстіккебаспанаға қол жеткізу өте оңай әрі жылдам. Осы мәселеге сіздердің баса назар аударғандарыңызды қалаймын.
Төртіншіден, біз қазақылықты ұмыта бастаған аймақтағы ағайынның тілдік қорын сақтауға үлес қосып жүрміз. Қазір ондағылар бізден қазақ тілін, ал, біз олардан орыс тілін үйреніп жүрген жайымыз бар.
Бесіншіден, жұрттың санасында бұрыннан сіңісіп қалған, шымкенттіктер туралы қате ойларды өзгерттік.
Біз мықтылығымызды құр сөзбен емес ісімізбен дәлелдедік.Ол жақта ұмытыла бастаған АСАР деген ұғымды қайта тірілттік.
Көпшілікке өзіміздің бауырмалдық, жанашырлық сынды құндылықтарымыздыдәріптедік.
Алтыншыдан, бір-бірімізгеөзара қол ұшын созуды ортақ парызымыз деп санайтын деңгейге жеттік.
Жетіншіден, Президентіміз айтқандай Ш-дан басталатын шымыр сөздерді ондағы ағайынға үйреттік. Атап айтқанда, шыдамдылық, шынайылық, ширақтықсынды жақсы қасиеттерге баулыдық.
Құрметті сессияға қатысушылар!
Мен, осы жиынды пайдалана отырып, жұмыссыз жүрген ағайынды, жалынды жастарды еліміздің солтүстік өңірлеріне қоныстанып, ел игілігі үшін еңбек етуге шақырамын!
Жалпы көпшілік болып ағайындар мен бірлесіп, көшу өте ыңғайлы әрі тиімді екендігін айтқым келеді.
Мемлекет басшысы өзінің соңғы мақаласында жаңғыруға, жаңаруға шақырды. Ендеше, өсіп-өркендеуді қалайтын кез келген азаматқа солтүстікке қоныс аударуды айрықша айтамын!
Батыл қадам жасауға,жаңаша жаңғыруға, жасампаздыққа үндеймін!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР