18-04-2024
20.3 C
Шымкент

Бағдарлама бойынша жұмыс тобы іске кірісті

Елбасы екшеген қоғамдық сананы жаңғырту туралы бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 591 миллион теңге бөлінді. Қазір бағдарлама аясында бекітілген 6 бағыттағы республикалық жұмыс тобы іске кірісіп кетті. Алғашқы топ латын әліпбиіне көшуге байланысты мәселелерді реттейді.  Тіліміздің ерекшелігіне сай әліпби дайындайды. Оны қолданысқа енгізу келер жылдан басталып,  2025 жылы толық аяқталатын болады. Екінші топ  ұлттық код, бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне мән беріп,  әлем әдебиетіндегі ең үздік 100 кітапты қазақшаға аударумен айналысады. Ал, Мәдениет және спорт министрлігі  «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тарихи аймақтарға экспедициялар ұйымдастыруды қолға алды.  Осы жазда жас ғалымдар еліміздің 7 өңіріне сапарламақ. Бұл бастама  республика бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің 80 пайыздан астамы орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы басшылығы тарапынан  үлкен қолдауға ие. Жұмыс топтары біріншіден тарихи жерлерді зерттеп таныту, сонан соң сол ескерткіштердің жерлеріне туристік сапармен адамдарды ұйымдастырып жеткізу, бүкіл республикалардан келетін азаматтарға сол жерде конференциялар, симпозиумдар өткізіп, мұның өзі тарихымыз екені, заманымыздың өткенсіз болмайтынын көрсету.

Ерекше екшеп кеткен жөн, қазірдің өзінде облысымызда  Түркістан қаласын тарихи-мәдени және туристік орталық ретінде дамыту мақсатында «Көне Түркістан» жобасы әзірленіп,  ЮНЕСКО-ның келісімімен жұмыстар жүргізілуде. Шардара ауданында жағажай туризмін дамыту үшін  500 жұмыс орнын құру және жаз мезгілінде 150 мың адамға қызмет көрсету жоспарланып отыр. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде  облыс әкімдігімен өңірлік туристік ұйымдармен бірлесе  Көрме қонақтарына арналған туристік маршруттар әзірленген. Бұл қазақты,  қазақтың қонақжай мәдениеті мен  көнеден желісін үзбеген өркениетін танытудың тиімді тетігі.  Рухани жаңғыруға бастайтын айқын жолы.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР