test
02-07-2024
23.3 C
Шымкент

Театр әртістері ЭКСПО-ға орай флешмоб өткізді

Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 — Жаһанның жаңалығы» атты мәдени шара өтті. Шымкенттің театр әртістері ЭКСПО көрмесіне орай флеш-моб өткізді Шым қаланың орталық саябағында өткен шара «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қолдау көрсету және насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. Қала тұрғындары мен қонақтары облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының 70-ке жуық қызметкерінің интермедиялық әзілдері мен әсем әуендерін тыңдап,»Мәңгілік ел» флеш-мобын тамашалады. Серуенге шыққан қала тұрғындары халықаралық көрме жайында ақпараттық танымын кеңейтті.  2017 жылдың басты шарасына әзіл-сықақ театрынан 70-ке жуық әртіс барады деп күтілуде. Олар Астана төрінде тамыздың 29-ынан бастап, қыркүйектің 5-іне дейін өнер көрсетеді. Көрмеге келген қонақтарға айрықша серпіліс сыйлау үшін өнерпаздар дайындығын пысықтап жатыр.
Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР