06-09-2021
25.3 C
Шымкент

Ашық біріншілік өтті

2017 жылдың 11 мамыр күні ОҚО Түлкібас ауданы, Ынтымақ ауылында Ұлы Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында және «ЭКСПО-2017 » Халықаралық көрмесіне орай еркін күрестен 2005-2006 және 2007-2008ж.т жасөспірімдер арасында Састөбе БЖСМ-нің аудандық деңгейдегі ашық біріншілігі өтті. Жарысымыздың мақсаты: ауданда еркін күресті кеңінен насихаттап, дамуына үлес қосу, жас спортшылардың шеберлігін көтеру және аудан тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысымыздың ашылу салтанатына Түлкібас ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы П.Әбіханов және А.Оразбаев ЖОМ –нің директоры Т.Кемелбек жас спортшыларымызға тілек тілеп жарысты ашық деп жариялады.Састөбе БЖСМ-нің жетістігі өте жақсы нәтиже көрсетті. Атап айтсақ: І- орын Еркінұлы А 20кг, Тұрдықұл Е 26кг, Елберген С 32кг, Еркінұлы А 35кг, Құрманәлі Д 50кг. ІІ –орын Жақсылық Ж 20кг, Нысанбек Е 23 кг, Жасұзақ Қ 29кг, Рақбай Р 35кг, Серікбай Е 50 кг. ІІІ- орын Шалхар А 20кг, Бүркіт Б 32кг, Ануарбек А 26кг,Ақбас М 35кг, Әбдіманап А 42кг.Жүлделі орын алған оқушыларды мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.         Айта кетейік, Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР