04-04-2022
9.3 C
Шымкент

Жастар этнос өкілдерінің іс тәжірбиесімен бөлісті

ОҚО Ордабасы ауданы Шұбар ауыл округінің Жастар ұйымының ұйымдастыруымен аудан әкімінің орынбасары Б.Омарбековтың ауыл шаруашылығы саласында жемісті еңбек етіп жатқан этнос өкілдерінің тәжірбиесімен жастарды таныстыру бойынша бекіткен іс шаралар жоспарына сәйкес, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен жастар ресурстық орталығының тапсырмасына орай Шұбар ауыл округіне қарасты 18 колледждің «Фермер» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студент жастармен ауыл округінде орналасқан «Береке» шаруа шаруашылығының төрасы Х.Құдайқұловтың ауыл шаруашылығы техникаларына сервистік қызмет көрсету жұмысымен және «Шұбар асыл тұқымды кешені» ЖШС-нің төрағасы С.Валиевтің шошқа өсіру, бордақылау, сою цехы кәсібімен танысып өздеріне керекті мәліметтерді сұрақ қойып тиянақты жауап алды. «Береке» шаруа шаруашылығының кәсібімен танысу барысында ауыл шаруашылық түрлі техникалармен танысты, сол жерде жұмыс жасап жатқан механизаторлармен тілдесіп білмегендерін практика жүзінде көзбен көріп танысты. Тоқабаев Мұхан (механизатор), 18 колледждің «Фермер» мамандығын бітіріп қазіргі уақытта алған білімімен біліктілігін «Береке» шш жұмыс жасап бір отбасының жағдайын жасап отырған жайым бар дейді өз сөзінде. Іс тәжірбиеде 18 колледждің «Фермер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Нұрмағамбетұлы Абзал және осы аталмыш мамақдықта білім алып жатқан 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті. Жастарға керекті және қызықты мағұлматтар көп болды..

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР