06-09-2021
34.3 C
Шымкент

Бүлдіршіндер ЭКСПО-ға барады

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев іссапармен келген болатын. Жұмыс барысымен Н.Ермекбаев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі №3 балалар үйіне барып жарым көңіл бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Бұл балалар үйі биылдан бастап ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қамқорлығына алынған болатын. Министр медициналық физиокабинетке арналған соңғы үлгідегі «Бином» медициналық құрылғысын алып берді. Ал өңір басшысы 20 тәрбиеленушіге «ЭКСПО -2017» көрмесінің билетін тарту етті. Елімізді әлемге танытатын айтулы шараны көру балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де бұйырды. Балалар бұл сыйға керемет қуанып, ағаларына әнмен шашу шашты. Бүгінде аталған мекемеде 3 жастан 11 жасқа дейінгі 68 бала тәрбиеленуде. Балалардың алаңсыз білім алып, түрлі үйірмелерге қатысуына барлық жағдай жасалынған. Олар би, вокал, қолөнер үйірмесінен үйрену үстінде. Оларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақысы өз есепшоттарына түседі. Мектеп жасындағы 46 бала қаладағы №33 Кенесары Қасымұлы атындағы жалпы орта мектепте білім нәрімен сусындауда. 22 бала мектепке дейінгі топтарда тәрбиеленеді. Екі жыл аралығында балалар үйінің 9 тәрбиеленушісі қамқорлыққа, 3 тәрбиеленушісі патронаттық тәрбиеге берілген. Олар айтулы көрмеге қашан барамыз деп асығып жүр.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР