19-04-2024
15.3 C
Шымкент

Білім ошақтары салынуда

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қазығұрт ауданында 5 мектеп тің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазығы былтыр қағылып, іргетасы қаланған білім ұялары биыл бітуі тиіс. Жоспар бойынша белгіленген уақытта бітсе, биылғы оқу жылында 1300 оқушы жаңа мектептің табалдырығынан  аттайтын болады. Құрылыс жұмыстары кестеден кешікпеуі үшін және сапасы  талапқа сай болуы үшін қатаң бақылауға алынған. Ауыл, аудандарды қандай да бір құрылыс басталса оған ең алдымен жергілікті тұрғындар қуанады. Өйткені  жұмыссыздардың қатары азайып, нәпақа табуына сеп болады. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында 5 мектеп салынып жатыр. Одан бөлек, жаңа мөлтекауданды инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстары жүргізілуде. Алдағы жоспарларға сәйкес келер жылы 8 мектеп пен 4 тұрғын үйдің, 1 спорт кешенінің құрылысы басталмақ. Бұл жобалардың барлығы да ауданның әлеуметтік дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Бүгінгі күні жоспарланған құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті орындарға жолданып қойылған. Бекітілген жағдайда қайнаған құрылыс басталмақ. Бұл мектеп жетіспеушілігін жойып, оқушылардың заман талабына сай білім бесігінде оқуына жол ашатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР