20-04-2024
16.3 C
Шымкент

ЭКСПО-ға аттанды

Ашылауына аз ғана уақыт қалған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне бүгінде дайындық қызу. Маңызды көрменің жоғары деңгейде өтуіне мото-шабандоздар да өз үлестерін қоспақ. Әбден дайындықтан өткен байкерлер осы мақсатта бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығынан сапарға аттанды. Аталған шеруді облыстық мотоциклшілер федерациясы ұйымдастырып отыр. Алдын ала арнайы жүру жолдары пысықталыпты. Мотошабандоздар ең  алдымен Түркістен қаласына соғады. Жалпы олар жеті мың шақырымнан астам жолды жүріп өтпек. Жолай Қызылорда, Ақтөбе қалаларына аралап өтіп, одан кейін Астана қаласына табан тіремек. Басты мақсаттары — еліміздің тұрғындарына «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын насихаттау болып табылады. Мотошабандоздарға жүріп өткен жолдарында жер-жерлерде әріптестері қосылатын болады. Ашылу салтанатына дөп түсуді жоспарлап отыр. Олар бұл шараға мотоциклшілерді екі ай дайындалыпты. Дайындықтарын әбден пысықтап алғаннан кейін ғана ұзақ сапарға аттанып отыр. Бүгін облыс орталығынан он мотоциклші аттанып отыр. Олардың барлығы да  — кәсіби байкерлер. Мотоциклдің құлағында ойнайтындар. Қаншама жылдардан бері  айналысып келеді екен. Бұл шараға тек отандластарымыз ғана атсалысып қоймай шетелдік әріптестерін де үндеп отыр. Голландия,Франциядан келіп, қатарларын толықтырмақ. Сонымен бірге Өзбекстаннан, Қырғызстаннан да мотошабандоздар қатарларын толықтыратын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР