04-09-2021
17.3 C
Шымкент

Кәсіпкердің нәсібі мол

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы бес мың алты жүз азамат кәсіпкерліктің қыр сырын үйренуге ниетті. Олар кәсіпкерлік әліппесін оқитын болады. Кәсіпкерлікті оқуға құмбылдардың арасында зейнеткерлер де бар.  Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы кәсіпкерлік мектебінде болашақ кәсіпкерлерді оқыту курстары ұйымдастырылуда. Әр топта жиырма бес оқушыдан бар. Осы 25 кәсіпкерден құралған топқа тәлімгер кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретуде. Әр күні әр сала бойынша дәріс оқылады. Ауыл шаруашылығы, мал ашруашылығы, сауда саласы, қызмет көрсету саласы бойынша білім көкжиектерін кеңейтетін болады. Алғашқы сабақ мал бордақылау бойынша өтті. Дәріс алушылар 4 күн 8 сағаттан арнайы курстан өтеді. Содан соң кәсіпкерлік мектебінде оқығанын растайтын сертификат беріледі. Сертификаттың нәтижесінде гранттарға және басқа да конкурстарға қатысуға мүмкіндік алады. Олар міндетті түрде кәсіби білім алады. Онсыз қаржыландыру болмайды. Кәсіпкерлікті оқимын деп талаптанушылардың   жасына шектеу жоқ. Заңнамалар мен ережелер, салық тәртібі, кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктер туралы оқып, білімін толықтырып жатқандар көп.  Кооперацияға бірігудің артықшылықтары туралы да көптеген мәліметтер алуға болады. Кооперацияға біріккендердің салығы жеңілдетіледі. Шаруашылыққа қажет техника мен жабдықтарға мемлекеттен 50-80 пайызға дейін жеңілдетілген инвест субсидия алуға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР