01-04-2022
15.3 C
Шымкент

Жаңа балабақшаның іргетасы қаланады

Еліміз бойынша дүние есігін ашатын балалардың төрттен бірі осы Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келеді. Бала басының артуына байланысты бүгінде балабақшалар санын көбейту мәселесі туындап отыр. Алдағы уақытта  мектепке дейінгі мекемелер мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында салынатын болады. Жобаны жүзеге асыру жоспарлары тұрақты комиссияда егжей-тегжейлі талқыланды. 320 орындық үлкен балабақша Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілік іскерлік орталығында іргетасы қаланбақ. Алдағы уақытта дәл осындай әріптестік аясында салынатын балабақшалар жоспар бойынша   Бәйдібек, Отырар, Түлкібас, Сайрам аудандарында да жаңа типтегі мектепке дейінгі мекеме ашу идеясы бар. Құрылыс жұмыстарына бөлінетін қаржы да жоспарланып қойылған. Облыстық қаржы басқармасының мамандарының айтуынша  «Мемлекеттік – жекешілік серіктестіктің тиімділігі сол, құрылысқа жұмсалған қаржы мемлекеттен қайтарылады. Егер құрылыс компаниясы қаржыны банк арқылы несиелеген болса, пайыздық өсім де мемлекеттің мойнында. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекеменің шығыны толық өтелгенше, балабақшаны басқару тетігі кәсіпкер еншісінде болады» дейді. Сондай-ақ жуырда «Қайтпас-1» шағынауданында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана құрылысының жобасы да комиссия мүшелерімен қаралған болатын. Тұрақты комиссияда әзірге қолдау тапқан жобалар ертең облыстық маслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында талқыланатын болады. Жаңадан жүзеге асырылғалы отырған жобалардың екі жаққа да тиімді тұстары көп. Жоба жемісті болған жағдайда әлеуметтік нысандардың қатары артатын болады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР