07-09-2021
18.3 C
Шымкент

Байқау ЭКСПО-ға арналды

Оңтүстікте «АСТАНА EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған облыстық шығармашылық байқауы өтті.  Байқаудың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды жастардың шығармашылығына қолдау көрсетіп, өмірге деген құштарлығын арттыру. Аталмыш байқауға аудан, қалалардағы шығармашылыққа бейім, бейнелеу өнеріне қызығушылығы жоғары, мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық жас қатысып, талапқа сай «Болашаққа бағдар: менің болашағым» тақырыбында сурет салды. Үздік деп танылған суретші жастар облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өтетін «Өлкетану» экскурсиясына жолдама алып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Нәтижесінде 1 орынды Шымкент қаласының оқушысы Барат Айдана, 2 орынды Кентау қаласының жасы Құрақ Бекзада, ал 3 орынды Шымкент қаласындағы №1 саңырау балалардың мектеп-интернатының оқушысы Азамат Нұржанұлы иемденді.

Айт кетейік, EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР