24-04-2024
18.3 C
Шымкент

Несиеден ұтарымыз көп

ОҚО Кентау қаласында «Яссы-Несие» серіктестігінен несие алып, несібесін арттырып отырғандар көп. Жақында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ құрамы- ның басшылығы мұндағы жұмыстардың жоғары жауапкершілікпен ұйымдастырылатындықтан кредиттік серіктестіктердің ішінен «Яссы-Несиені» республика бойынша үздік деп тапты. «Бізден несие алу үшін шаруалар кепіл- ге жылжымалы мүлік, жылжымайтын мүлік, төрт түлік мал және депозиттегі қаржыны қойса болады. Ауылдағы үйлерді де аламыз. Ал несие 14 пайызбен қойылған кепілдің бағасына қарап беріледі. Оның 7 пайызы субсидияланады деп күтілуде. Сонда бізден несие алған шаруа тек 7 пайызын ғана төлейтін болады. Бүгінде несие алушылардың барлығыда уақытылы толық төлем жасап отыр, — дейді «Яссы-Несие» кредиттік серіктестігінің төрағасы Каримжан Гайбишев. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен 2001-2015 жылдардың аралығында еліміздің 13 облысындағы 163 ауданда 171 кредиттік серіктестік құрылған болатын. Олардың аудандарды қамту үлесі 93,0 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта кредиттік серіктестік жүйесі 12 мыңға жуық ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің басын біріктіріп отыр. 2015 жылы серіктестік құрамына 2240-тан аса жаңа қатысушы тар- тылған. 15 жыл ішінде кредиттік серіктестік жүйесі қатысушыларына 160 млрд. тең- геден аса қарыз беріліп, 120 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылған.

Қайрат ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ

 

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР