18-04-2024
22.3 C
Шымкент

Қарнақта құрылыс жандануда

«ОҚО Кентау қаласы, Қарнақ ауылының су өткізгіш тораптарының құрылысы» жұмыс жобасы бойынша 2015 жылы 8 қазанда №19-0556/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жалпы сметалық құны — 1185,219 млн.теңге. Жобада су өткізгіш тораптарының жұмыс жасауына қажетті құрылғылар толық қаралған. 2016 жылға құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізу үшін 22,253 шқ — 200 млн.теңге қаржы көзі қарастырылған. Қарнақ ауылындағы көше жарықтарын орнату мақсатында тиісті сметалық құжаттары әзірленіп, бюджетті нақтылау барысында қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, бөлім тарапынан Қарнақ ауылы әкімдігіне (меншік иесі ретінде) хат жолданып, жауап хат алынды. Қарнақ ауылы әкімі аппараты тарапынан Қарнақ ауылы үш көшесіне және Құшата елдімекен көшелеріне жарықтандыру шамдарын орнатуға 22 млн.теңгеге сметалық құжаттар дайындалып «Жұмыспен қам- ту-2020» бағдарламалары шеңберінде облыстық басқармаға құжаттар тапсырылды. Қарнақ ауылындағы жол бойында ашық жатқан ауыз су құдықтарының қақпақтарын жабу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бөлім тарапынан «Ащысай су» МКК-на 2016 жылы 19 ақпан күні №0-13-1-26/500 санды хат жолданып, тапсырманың орындалғаны туралы жауап хат алынды. А. Исрайлов, Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР