18-04-2024
16.3 C
Шымкент

«Менің Қазақстаным» аудандық патриоттық форумы өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Созақ ауылдық Мәдениет үйінде «Менің Қазақстаным» аудандық патриоттық форумы өткізілді. Форумға Созақ, Қарағұр, Сызған ауылдық округтерінің тұрғындары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, белсенді жастары қатысты. Форумда баяндама жасаған Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Сатыбалды Ақәділ Болатұлы Мемлекеттік рәміздердің маңызына, олардың қабылдану тарихына кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар, жастарды рәміздерімізге ерекше құрмет көрсетуге, еліміздің нағыз патриоттары болуға шақырды.Форумда Созақ ауданының «Құрметті азаматы» Мыңжасар Асқаров, Аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Есенбек Кенжеғараев, Cызған ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Маханбет Шоңбаев, «Суындық» жалпы орта мектебінің мұғалімі Нұрмахан Сейтмаханұлы, «Қарағұр» жалпы орта мектебінің мұғалімі Жасұлан Асановтар сөз алып, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани жаңғыру төңірегіндегі өз ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР