26-04-2024
15.3 C
Шымкент

«ЭКСПО-2017» көрмесі балалар көзімен»

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты  Отырар ауданында осындай атаумен ғаріп балалар арасында қолөнер және сурет байқауы болып өтті. Салтанатты шарада түрлі байқаулардың жеңімпаздары марапатталды. Айтулы мерекені отырарлықтар қайырымдылықпен ұштастырды. Балалардың қуанышына жеке кәсіпкерлер мен мектеп түлектері ортақтасты. Олар әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына киім-кешектер үлестірді. Оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтудан «Қызыл ай» қоғамдық қорының мүшелері де шет қалмады. Ал, «Балдәурен» балабақшасында өткен шарада «Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін» деген тақырыпта ән айтылып, би биленді. Бұл күні отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі екені кеңінен айтылды. Балаларға қуаныш сыйлап, олардың құқығын қорғау барша адамзаттың парызы екені даусыз. Сурет салу, жүгіру, секіру секілді өнер мен спорттың бірнеше түрінен сайысқа түскен балғындар өзара кім мықтыны анықтады. Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сый-сияпаттар үлестірілді. Алдағы уақытта да мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылмақ. Балалар осындай мереке ұйымдастырып бергені үшін үлкендерге алғыс айтты

ПЕРИЗАТ Биназарқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР