test
14-07-2024
32.3 C
Шымкент

Жастарға әлеуметтік көмек

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Ақсукент көпсалалы колледжінде мемлекеттік бағдарламаларды соның ішінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасын кеңінен насихаттау, жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Хамраев Жаңабек, аудан әкімінің халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік сала бойынша маманы Әділбек Қанат, аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Қобыланов Бауыржан, Ақсукент көпсалалы колледжінің студент жастары қатысты. Арнайы мамандар мемлекеттік бағдарламалар мен жастар үшін жасалынып жатқан мүмкіндіктер жайлы ақпарат берді. Сонымен қатар кездесуге қонақ болып келген «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүрген №13 А.Навои атындағы ЖОМ мұғалімі Сапенова Ақбота мен Қарасай батыр атындағы ЖОМ мұғалімі Қалдыбекова Ақжарқын бағдарламаның тиімділігі жайлы өз ойларын айтумен қатар жастар үшін жасалынып жатқан мүмкіндіктер Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында екенін тілге тиек етіп, ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР