19-04-2024
25.3 C
Шымкент

Тәжірибе алмасу жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына орай, Отырар ауданының  әкімі Ерлан Айтаханов бір топ отырарлық кәсіпкерлер мен шаруаларды Сарыағаш ауданына тәжірибе алмасу мақсатында арнайы іс-сапарға жіберді. Сарыағаш ауданы, Жарты төбе ауылдық округіндегі «Фарух» және «Шарипа» шаруа қожалықтарына қарасты жылыжайларда болып, олардың іс тәжірибесімен танысты. Жылыжай иелері көп жылдан бері осы шаруамен айналысқандықтан мол тәжірибе жинақтаған. Мамандар жылыжайдың құрылысы мен жылу жүйесін құруды және көкөніс дақылдарының оңтайлы мерзімде егу мен күтіп-баптау тәсілдері жөнінде кеңінен түсіндіріп өтті. Көкөністерді түрлі зиянкестерден қорғау шаралары мен қажетті дәрумендерді уақытында беру арқылы өнімділікті арттыруға болатындығы туралы айтты. Отырарлық дихандар өздерін толғандырған көптеген сауалдарға нақты жауап алып, алған тәжірибелерін іс жүзінде іске асыруға құлшына кірісетіндерін айтып тарқасты. Негізінде жері құмды шөлейтті болып келетін Отырар ауданында көкөскін көп өсе бермейді. Дегенмен де қалауын тапса қар жанатынын ескерсек отырарлықтар көзін тауып жылыжай кәсібін дөңгелетуіне мол мүмкіншілік бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР