23-04-2024
26.3 C
Шымкент

Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік туып тұр

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасын» халыққа ақпараттық насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева бастаған жұмысшы топ бағдарламаны түсіндіріп, насихаттау үшін Түлкібас ауданына келді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева ашып, жүргізіп отырды. Кесдесуде бағдарламаның бірінші бағыты: техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімі кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша сөз Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы – Е.Бұрханов, бағдарламаның екінші бағыты: жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша облыстық кәсіпкерлік, индустриялды – инновациялық даму және туризм басқарма басшысының орынбасары – І.Оспанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А. Абиханов тағы басқалар сөз сөйлеп, бағдарламаның басты бағыты жайлы айтып өтті. Жиынды бағдарламаның бағыттары жайында сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар берілді. Кәсіпкерлікпен айналысуға аудан тұрғындарының ынтасы зор. Осы бағытта қандай көмектер берілетіні жөнінде сұрақтарына нақты жауап ала алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР