04-04-2022
14.3 C
Шымкент

Арнаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Үкіметтік емес ұйымдардың атқарып отырған шаруасы ауқымды. Жуырда олардың атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды.  Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында былтырғы  жылы орналастырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсеткен үкіметтік емес ұйымдардың атқарылған жұмыстары туралы жылдық шығармашылық есебі тыңдалды. Олар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру бойынша 7 Үкіметтік емес ұйымның келісім-шарт түзіліп, үкіметтік емес секторда 732 (жоспар-675) азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.Қызметтер екі жағдайда (жартылай стационарлық және үйде қызмет көрсету жағдайында) ұсынылды.  Үйде қызмет көрсету жағдайында 6 Үкіметтік емес ұйым арқылы 620 (жоспар-575) мұқтаж азаматқа қызметтер көрсетілді. Жартылай стационарлық жағдайда 4 ҮЕҰ 112 балаға қызметтер көрсетті. Аталған ұйымдар бүгінде әлеуметтік көмектер көрсетіп, жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда. Алдағы уақытта да көмекке мұқтаж жандарға барынша көмек қолын созатын болады. Олар үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, істерін ілгерілетіп келеді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР