22-04-2024
26.3 C
Шымкент

Жұмыспен қамту бағдарламасының жаңа бес жылдық белесі

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен арнайы екі жұмыс тобы құрылып, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңадан бекітілген бағдарламаны халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» насихаттау бағытында құрылған топтар Кентау, Түркістан, Созақ, Шардара, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Қазығұрт, Бәйдібек аудандары мен Шымкент қаласында болып, жаңа жобаның жай-жапсарын айтып берді.  Семинар-мәжілісте облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Амангелдіұлы жаңа бағдарламаны міндетті түрде ауыл әкімінен бастап тиісті мемлекеттік мүдделі бөлім қызметкерлеріне дейін жетік меңгеруі тиіс екендігін айтып, алдағы уақытта ауылдық округ әкімдері, бағдарламаны іске асыруға жауапты мамандар оның жүзеге асыру тетіктері мен заңнама нормаларын қолдану барысына тестілеу жүргізілуі жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар, бірінші орынбасар бағдарламамен бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы бағаланатынын ескертіп, оның жете меңгерілуі үнемі бақылауда тұрғанын жеткізді. Осыған орай, түсіндірме жұмыстары бойынша тиісті нәтиже шығарып, іске асыру үшін жауапты сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ, аудан, қалаларға жасаған іс-сапарында Д.Сатыбалды бастаған жұмыс топтары жекелеген санаттағы азаматтарға қызмет көрсететін бірқатар әлеуметтік оңалту мекемелерін аралады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР