17-04-2024
16.3 C
Шымкент

Теңіз жағасынан демалыс кешені іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара ауданында тағы бір айтулы жаңалық. Шардара су қоймасы жағалауынан заманауи үлгіде салынған «Сыр нұры» демалыс кешені салтанатты түрде ашылып, жұмысын бастады. Белгілі кәсіпкер, «Молдияр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрлан Боранбаев «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы 84,5 млн теңге жеңілдетілген несие қаржы алып, және өзінің есебінен жалпы құны 300 млн теңгеге кешеннің құрылысын жүргізіп, елдің игілігіне берді. «Алтын жағажай» аймағынан барлығы 8 нысанды іске қосып, 30 адамға жұмыс орнын тауып беріп отырған кәсіпкерге көпшілік бәрекелде айтысты.
Жаңа демалыс нысанның ашылу сәтінде аудан әкімі Болатбек Қыстауов құттықтау сөз сөйледі. Отырар ауданының Құрметті азаматы Бегаман Сұлтанов, шардаралық ақын Қасқыр Серікбаев ақ тілектерін жырмен жеткізді. Демалыс кешенінің лентасы қиылған соң қонақтар нысанның іші-сыртын аралап көрісті. Үш қабатты қонақ үйде 12 орындық бөлмелер еуро үлгіде жарақталған. Төменгі қабатында ресторан орналасқан. Үш қабатты ғимарат жанынан 8 орындық 4 коттедж үйлер салыныпты. Сондай-ақ, аулада жазғы мейрамхана, ашық бассейндер, теңіз бетінде катерлер мен басқа да су көліктері келушілерге қызмет көрсетеді. Бір маусымда мұнда 1500 турист демалатын болмақ.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР