Бүгінгі қоғамда кез келген сала үлкен қарқынмен дамып келеді. Әсіресе, энергетика саласындағы құрал жабдықтар автоматтандырылып, цифрлық технологияға көшуде. Әрине, бұл заман талабы. Мұны әрбір өндірісте қызмет етуші маман тез меңгеріп алуы тиіс. Осы бағытта Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Кентау трансформатор зауытының базасында инженер мамандардың біліктілігін арттурға арналған оқу семинар тренингі өтті. Оған еліміздің аймақтарындағы жиырмадан астам компаниялардың инженер мамандары қатысты. Санкт — Петербург қаласындағы инженер энергетиктердің біліктілігі арттыру интистутының профессор-оқытушылары жастарға лекциялар оқып, білім берді. Алматы, Өскемен, Шымкент және өзге де аймақтардан келген жас энергетиктер зауыттағы цехтарды аралап, жұмыс барысымен танысты. Теория жүзінде алған білімдерін, тәжірибемен шыңдады. Оқу бітірген соң жастар облыстың ғана емес, еліміздің жкономикасының өркендеуіне атсалысатыны анық. Айта кетерлігі, бұл оқу семинар тренингті Кентау политехникалық колледжі мен Алматы қаласындағы «Энергия» ғылыми –зерттеу институты біргелікті ұйымдастырып отыр.
Қайрат Зайнишев